Бүгінгі таңда ауыл шаруашылық құрылымдарында өнімділіктің төмендеуі, астық дәндес дақылдардың тұқымдарының патогендік саңырауқұлақтармен, гельминтоспориозды және басқа да ауру қоздырғыштарының залалдануынан болып отыр. Жеке шаруа қожалықтарының егін себер алдында тұқымды дәрілеуіштермен өңдемеуінен, ауру көрші егістікке таралуы мүмкін және өз өнімдерін жоғалтып алуға қауіп –қатер туғызады. Тұқымды дәрілеу өте маңызды міндеттеме, ауыл шаруашылығы дақылдарының ауруларына қарсы профилактикалық іс-шара және экологиялық өте қауіпсіз қабылдауыш.Тұқым арқылы қаракүйе індеті ғана емес , гельминтоспориоз, септориозды, тамыр шіріктерінің қоздырғыштары да беріледі. Бұл ауру қоздырғыштары тікелей тұқымда сақталады, көктемгі егіс кезінде бұл аурулар өскіндермен бірге таралады. Тамыр шірігінің қоздырғыштары мен залалданған тұқым, кей кезде өспей қалады, өспей қалған өскіндер залалданған жерлерде кездеседі. Қолайлы жағдайда тұқымнан өскіндер пайда болады, өсімдік дамиды,өнім қалыптасады бірақ та түсімділік азаяды. Ал қолайсыз ауа райы жағдайында өскіндер әлсіреп өледі, оның себебі егістің сиректеуіне әкеп соқтырады. Қаракүйе ауруымен залалданған дән қалыптаспайды, масақ түгелдей жаппай қара спораға айналады. Бидай қатты және тозаңды қаракүйемен залалданса, түсім шығынымен түсімділігінің қоспа жемшөпастық сапасының азаюының қаупі бар. Өскіндер мен тамырды топырақ індетінен, тұқым себер алдында дәрілеу жолымен қорғауға болады. Аурудың күрт көбеюіне жол бермеу, ауыл шаруашылық дақылдарының өнімін сақтап қалу үшін: қорғау шараларын арттыру қажет, тұқым себер алдында күннің жылуымен тұқымды қыздыру, өсімдіктің өсуі мен дамуын үдеттіру және тұқымдарды фунгициттермен дәрілеу қажет. Ауыл шаруашылық дақылдарының тұқымдарын дәрілеу, тұқым материалы арқылы ауру қоздырғыштарынан жұғатын, тұқым өнімін сақтау алдында, өскіндерді топырақ шіруінен қорғау және сақтау үшін тұқымдарды залалсыздандыру керек. Дәрілеу сапасы-препараттарды қолдану мөлшерінде қатаң орындауға қатысты санитарлық, гигиеналық жағдайын орындау қажет. Сапалы тұқым – жақсы өнімнің кепілі. Өз тұқымдарыңызды ерте даму кезінен бастап қорғаңыздар!
Ж.Б Молдахметова АӨК МИК «РФД мен БӘО РММ» Шал ақын аудандық филиалының агроном-фитопотолог маманы | |
| |
Просмотров: 45 | |
Всего комментариев: 0 | |