Жұпсыз жібек көбелегі- өсімдіктердің 300-ге дейін түрін, соның ішінде барлық жапырақты ағаштарды, кейбір кылқан жапырақтыларды, бұталы өсімдіктердің көп түрлерін зақымдайды, көбіне біздің өңірде қайыңды орманға зиян келтіретін кәдімгі орман зиянкесі.Қазақстанда ол карантинді зиянкестердің тізіміне енген. Жұпсыз жібек көбелегі қоршаған ортаға жақсы бейімделеді, және азықтан тапшылық көрмейді. Жұпсыз жібек көбелегінің жаппай көбеюі 6-10 жылдан кейін байқалады. Жұпсыз жібек көбелегінің жаппай таралуы әдетте қайыңда байқалады.Зиянкес санының көбеюі кезінде ағаштардың басқа да түрлері зақымданады.Әдетте ағаштар өсу мен гүлдену кезеңінде зақымданады. Төменгі жастағы жұлдызқұрттар ағаш бүршіктерімен қоректенеді де жапырақ шеттерін кеміреді, ал соңғы екі жастағы жұлдызқұрттар өте тойымсыз келгендіктен жапырақты толығымен жеп қояды, тіпті жұлдызқұрттар көп болған жағдайда жапырақтың зақымдану дәрежесі 80-95 % құрайды. Қазіргі таңда аудан аумағында жұпсыз жібек көбелегімен зақымдануы байқалмайды. Жұпсыз жібек көбелегі жылусүйгіш түрге жатады. Жұпсыз жібек көбелегінің дамуына қолайлы температура - 20-25 0С. Осындай температурада даму 35-40 күнге жалғасады, аз температурада даму 50-80 күнге созылады, ал 100С температурадан аз болғанда даму тоқталады. Жұлдызқұрттардың аталықтары бес жастан, ал аналықтары 6 жастан өтеді.Маусым, шілде айының басында ағаш басында, діңінде, ағаш қабығының жарығында басқа да оқшау жерлерде қуыршақтанады.Қуыршақ кезеңі 12-20 күнге жалғасады. Шілде айында, кей жағдайда ерте географилық орны мен ауа райына байланысты жұпсыз жібек көбелегінің ұшуы басталады. Аталықтары аналықтарға қарағанда 5-7 күн ерте ұшады. Белсенді түрде кешкі уақытта, бірақ көбінесе күндіз бұлтты күндері ұшады. Жұпсыз жібек көбелегі қоректенбейді, жұлдызқұрт кезіндегі денесіне жиналған майды қолданады. Шағылысқаннан кейін аналықтары жұмыртқа салуға кіріседі.Аналықтардың өнімділігі 100 ден 500 жұмыртқаға дейін. Жұмыртқалар сары-қоңыр түктермен қапталған шағын бөлік түрінде ағаш түбірінің солтүстік бөлігінде жер бетінен 5-25 см биіктікте салынады. Жұмыртқа салғаннан кейін ұрықтың дамуы басталады және толық қалыптасқан жұлдызқұрттар жұмыртқада қыстап шығады.Олар суыққа өте төзімді және -500С температураға төтеп бере алады Күресу шаралары: жұмыртқа салынғаннан бастап, жұмыртқаларды жинап және жұмыртқа салынған жерлерді мұнай өнімдерімен оңдеу қажет. Жұпсыз жібек көбелегіне қарсы күрестің ішінде ең тиімдісі – химиялық әдіс болып табылады.Орман алабтарындағы төменгі жастағы жұлдызқұрттарды инсектицидтермен өңдеу қажет. Барлық қызықтыратын сұрақтар бойынша ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық фитосанитарлық диагностика мен болжамдар әдістемелік орталығы» РММ Жамбыл аудандық филиалына мына мекенжай бойынша хабарласуға болады: Пресновка с, Дружба 16 көш., тел.: 8 715-442-10-42
Қатия Ж.Д. ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық фитосанитарлық диагностика мен болжамдар әдістемелік орталығы» РММ Жамбыл аудандық филиалының агроном-энтомолог маманы | |
| |
Просмотров: 7 | |
Всего комментариев: 0 | |