Канадалық арпа – егістік пен жайылымға қауіпті арамшөп. Жалпы сипаттама: канадалық арпа (Hordeum jubatum), кейде «қылқанды арпа» немесе «түлкіқұйрық» деп те аталады – астық тұқымдасына жататын біржылдық немесе көпжылдық шөптесін өсімдік. Сырт келбеті тартымды болғанымен, әсіресе масақтану кезіеде, бұл өсімдік ауыл шаруашылығында қауіпті арамшөп ретінде танылады. Таралуы мен шығу тегі: Канадалық арпаның отаны – Солтүстік Америка. Соңғы жылдары ол Еуразия аумағына, соның ішінде Қазақстанға кең тараған. Көбіне бұзылған жерлерде кездеседі: жол жиегі, бос жатқан алқаптар, жайылымдар, тастанды жерлер. Сонымен қатар егістік жерлерде де өсіп, мәдени дақылдарды ығыстырып шығарады. Ботаникалық белгілері: Биіктігі: 30-60 см. Жапырақтары: жіңішке, беті кедір-бұдырлы. Гүлшоғыры: масақ, ұзындығы 10 см – ге дейін, масақшалары ұзын қылқанды, піскенде қатайып, сынып кетеді. Тұқымы: ұсақ, желмен, жануарлармен, техникалармен оңай таралады. Биологиясы және даму фазалары: Канадалық арпа көбінесе көктемде өніп шығады. Негізгі даму сатылары: 1. Тұқымның өнуі, 2. Жапырақ розеткасының түзілуі, 3. Сабағының шығуы, 4. Масақтану, 5.Гүлдену, 6.Тұқым байлау және таралуы, 7.Күзгі екінші өсу (көпжылдық түрлерде) Тұқымдары топырақта 3 жылға дейін тіршілігін сақтай алады. Зияндылығы: Жаздық дақылдарды, әсіресе дәнді дақылдарды ластайды. Ылғал, қорек және жарық үшін мәдени өсімдіктермен бәсекелес. Күшті жұқтыру кезінде өнімділікті 15-30% төмендетеді. Мал жайылғанда масақтың қылқандары ауыз қуысын, тамағын зақымдап, жарақат келтіруі мүмкін. Жануарларға ауру тудыратын микрожарақаттар тудырады. Күресу шаралары: 1.Агротехникалық әдістер: -Уақытылы жер жырту, сүдігер жырту, -Дақылдарды ерте мерзімде себу, -Ауыспалы егіс жүйесін қолдану. 2. Химиялық шаралар: -Гербицидтер қолдану: 2,4-д трибенурон-метил, флорасулам негізіндегі препараттар, -Өңдеу уақыты: арамшөптің бұтақтану немесе түтікке шығу фазасы кезінде. 3. Биологиялық және профилактикалық шаралар: -Тұқымдық материалды тазарту, -Ластанған топырақ пен техниканың қозғалысын шектеу, -Фитосанитарлық бақылау жүргізу. Таралу жағдайы: Уәлиханов ауданында 2024 – 2025 жылдары ауданның бірқатар ауылдық округтерінде, әсіресе ауылдын ішінде және жол жиегінде, канадалық арпа тіркелді. Кейбір жерлерде бұл өсімдік тығыз шоғырланған ошақтар түрінде кездеседі. Қорытынды: Канадалық арпа – сырт көзге әдемі көрінетін, алайда егістік пен жайылым үшін өте қауіпті арамшөп. Оны дер кезінде анықтап, кешенді күрес жүргізу – ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін сақтаудың және шығынның алдын алудың кепілі. Танаптардың фитосанитарлық жағдайына мұқият қарау – табысты егіншіліктің негізі.
Герболог:Аубакиров Д.Б. ҚР АШМ АӨК МИК «РФД ж БӘО» РММ Уәлиханов аудандық филиалы | |
| |
Просмотров: 3 | |
Всего комментариев: 0 | |