Біздің аумақтағы ауылшаруашылық дақылдар егістіктерінде көбінесе көп таралғаны дәннің сұр көбелегі, гессен шыбыны,бидай трипсі,дәннің жолақты бүргесі, мавр және өткір басты қандаласы, астықтың сүлікше қоңызы және астық тұқымдас биті. Бидайға аса қауіпті зиян келтіретін зиянкес дәннің сұр көбелегінің таралуына айрықша назар аудару қажет. Әр жылы бұл зиянкестің жұлдызқұрты бидай егістіктерінде бидайдың сүттеніп-балауызданып пісу кезеңінде жиі кездеседі. Бұл зиянкестен келетін зиян бір гектардан 2-5 центнерді құрайды. Көбелек бір ұрпақта дамиды, өзінің даму кезеңінде 2-грамға дейін дәнді зақымдайды. Жұлдызқұрт топырақтың беткі қабатында 5-10 см тереңдікте жиналмаған сабан және басқа өсімдік қалдықтары астында қыстайды. Көктемде жұлдызқұрттар топырақтың беткі қабатына шығады және шашылған бидаймен қоректенеді, топырақта қуыршақтанады. Көбелектің ұшуы бір ай бойы жалғасады, олартен түнде ғана белсенді ушады. Көбелек орташа алғанда 400-600 жұмыртқа салады, қолайлы жылы ауа-райында олардың саны 2500 дейін жетеді. Туылған жұлдызқұрттар гүлдің ішіндегі бөлшектермен қоректенеді. 3 жасқа толған соң олар масақ бойынша бір түйіннен басқа түйінге көшеді, ал 4 жасқа толған соң ашық өмір сүреді. Жұлдызқұрттар өзінің даму кезеңінде 8-жастан өтеді. Ерте себілген егістіктерде кеш себілген егістіктерге қарағанда жұлдызқұрттар саны өте көп келеді. Құрғақ ауа-райы кезінде, дәннің пісу кезеңінде ерте себілген егістіктерінде олар аз болады, бидай тез піскен кезде, олар кебеді және жұлдызқұрттарға тамақтануға кедергі келтіреді, дәннің ылғалдылығы 20% жоғары болған жағдайда ғана зақымдай олады. Жаздың екінші бөлігіндегі салқын, жауынды-шашынды ауа-райы және күзгі ауа-райы жұлдызқұрттың ұзақ тамақтануына әкеледі, дәнді-дақылдарға көп зиян келтіреді. Дәннің сұр көбелегінің жұлдызқұртының тууы туралы берілген жедел хабарламадан соң мониторингтік зерттеулер басталады. Ауылшаруашылыққұрылымдарға дәнді-дақылдарды зерттеуге әкелуді асықтырған жөн, масақтарды кесіп зерттеуге әкелу қажет ( әдістемеге сәйкес ) Біздің филиал ҚР АШМ АӨК МИК «РФДжБӘО» РММ Пресновка селосы Интернациональная көшесі 48 мекенжайында орналасқан. Масақ кесуді бидайдың дән сала бастау-сүттеніп пісу кезеңінде, яғни жұлдызқұрттардың жаппай тууы 1-2 жас кезеңінде өткізген жөн. Егістіктің тігінен жүріп, 200-250 масақ кесіліп алынады ( 10-15 масақтан 15-20 жерден ) оларды қапшықтарға салады, егістіктің атын, аумағын, бидайдың сортын жазады және біздің лабараторияға жеткізеді. Өңдеудің тиімділігі жұлдызқұрттардың санын, ауа-райының жағдайын егістікті белгілейді. Жұлдызқұрттардың экономикалық зияндылық шегі химиялық өңдеуде товарлық бидайға салқын ауа-райында 100 масаққа -15 жұлдызқұрт, 20 жұлдызқұрт – орташа және 30- дан жоғары жұлдызқұрттар құрғақ ауа-райында. Тұқымдық егістіктерде бұл көрсеткіштер 2 есе төмен. Дәннің сұр көбелегінің санын төмендетуге химиялық өңдеу жұмыстары инсектицидтермен, агротехникалық шаралармен, барлық топырақ өңдеу жұмыстарын, көктемгі себу жұмыстарын және деркезіндегі сапалы егін ору жұмыстары себеп болады .
Қатия Ж.Д. ҚР АШМ АӨК МИК «РФДжБӘО» РММ Жамбыл аудандық филиаалының агроном-энтомолог маманы | |
| |
Просмотров: 46 | |
Всего комментариев: 0 | |